2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 301,4 мың өтініш, оның ішінде шамамен 13,4 мың шағым келіп түсті. Алайда өтінім берушілердің үштен бірі шағымдарын қайтарып алады. Әлеуметтік желілерде шағым қалдыру туралы айтсақ, бұл ресми байланыс арнасы болмағандықтан, Қор мамандары мұндай хабарламалар негізінде тексерулер жүргізе алмайды. Осыған орай, тиісті шаралар қабылдануы үшін азаматтардан ресми сауал жолдауын сұраймыз.

2023 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымға дейін Қордың CRM жүйесіне 1406/1414 Call-орталығы, Qoldau 24/7 мобилді қосымшасы, Қордың fms.kz сайты, Telegram-дағы @SaqtandyrýBot ресми байланыс арналары арқылы 301 436 өтініш келіп түсті.

13 397 арыз-шағымның басым бөлігі (87%) медициналық көмек көрсетуге қатысты болып отыр. Оның жартысына жуығы (43,5%) медициналық көмектің сапасыз көрсетілгеніне наразылық білдірсе, медициналық көмек көрсетуден бас тартқан жағдайлар төрттен бір бөлігін құрайды (26,3%). Ал 5,8%-ы дәрі-дәрмектерді беруден бас тартты. Айта кетерлігі, ең көп шағым Алматы (20,4%) және Астана (17,1%) қалаларының тұрғындарынан келіп түскен.

Сарапшылар ресми түрде шағым түскен соң, осы факт бойынша жоспардан тыс мониторинг жүргізеді. Қорда атап өткендей, шағымның үштен бірін өтінім берушілер кері қайтарып алған.

«Әдетте, Қор қызметкерлері мониторинг жүргізуге кіріскен кезде медициналық ұйым пациентке хабарласып, оған қажетті медициналық көмек көрсетеді. Кейбіреуі тексеруден қашып, азаматтардан шағымын кері қайтарып алуын сұрайды. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес, өтінім беруші сұрауына шешім қабылдағанға дейін шағымын қайтара алады. Өкінішке қарай, мұндай жағдайда, біздің сарапшылар жұмысқа кіріскенімен, одан әрі іс-шараларды тоқтатуға тура келеді», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Сәбит Ахметов.

Пациенттер медициналық көмек алу кезінде тағы да қиындықтарға тап болып, қайта өтінім берген жағдайлар кездеседі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде шағымдарды жариялау жағдайлары жиілеп кетті. Алайда әлеуметтік желілер ресми байланыс арнасы болып саналмайды. Сол себепті мұндай арыз-шағымдар бойынша Қор мамандарының қандай да бір шара қолдануға құқығы жоқ.

Осыған байланысты азаматтарды өтініш-шағымдарын келесі байланыс арналарына қалдыруға шақырамыз:

  • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы

  • fms.kz ресми сайты

  • Telegram-дағы @SaqtandyrýBot

  • 1414 байланыс орталығы.

11.09.2023
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу